БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ҚАБЫЛДАҒАНДАРҒА САНКЦИЯЛАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ҰСЫНАДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ҚАБЫЛДАҒАНДАРҒА САНКЦИЯЛАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ҰСЫНАДЫ

Монополияға қарсы комплаенс – бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі. Монополияға қарсы комплаенс институты Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізілгеннен кейін 2017 жылы қарқынды дами түсті.  Нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенс жүйесін енгізудің негізгі артықшылығы – жоғары айыппұл санкциялары және салдары келеңсіз оқиғаларға алып келетін  бәсекелестік заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайту.

Осы жылы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы бесінші пакет – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі. Онда монополияға қарсы комплаенс институтын одан әрі дамыту ұсынылады.

Жаңа заң жобасы бәсекелестік заңнамаларын бұзу істерін қарау кезінде мемлекет тарапынан ынталандырылатын сәтті тәжірибе ретінде тиімді жұмыс істейтін комплаенс жүйесінің болуын ескеруді ұсынады.  Яғни, өз қызметіне монополияға қарсы комплаенсты енгізген және оны белсенді түрде іске асыратын компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылған кезде санкциялардың азайтылуына үміт арта алады. Қазір заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

БҚДА барлық кәсіпкерлерге монополияға қарсы комплаенсті енгізу бойынша өзінің әдістемелік көмегін ұсынады, бұл бизнеске кейіннен ірі көлемде айыппұлдарға немесе тіпті қылмыстық қудалау орбитасына түсуі мүмкін бұзушылықтар тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Сурет ашық көздерден алынды