ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚИЫРШЫҚ ТАСТЫ ӨТКІЗУШІДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚИЫРШЫҚ ТАСТЫ ӨТКІЗУШІДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Altai Building LTD» ЖШС-не оның әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдады.

«Altai Building LTD» ЖШС 2021 жылы  5-10 фракциясының қиыршық тастарын әртүрлі тұтынушыларға әртүрлі бағамен сатқаны белгілі болды.

Хабарлама оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

Ашық көздерден алынған фотосурет