МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Талдықорған қаласының прокуратурасымен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған шарттардың заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Талдықорған Коркейту» ЖШС-мен (бұдан әрі – Серіктестік) заңсыз түрде келісім шарттар жасағандықтары анықталды.

Атап айтқанда атлаған мемлекеттік органдар Серіктестікпен санитарлық тазалау, көшелерді жазғы тазалау және жуу, аялдамалардың кешендерін ұстау, саябақтар мен шағын бақтарға қызмет көрсету жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу арқылы келісім шарт жасаған.

Алайда мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға болып табылатын серіктестіктің құқықтары Шартта көрсетілген жұмыстарды орындауда шектеледі, өйткені осы қызмет түрлері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейді.

Серіктестікпен шарттар жасасу нәтижесінде мемлекеттік мекемелер жеке кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті шектеді.

Анықталған фактілер мен Талдықорған қаласы прокуратурасының талабы негізінде Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы департамент Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты шарттарды бұзу туралы нұсқама шығарды, Мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.