BI-GROUP ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУГЕ ДАЙЫН ЕКЕНІН МӘЛІМДЕДІ

BI-GROUP ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУГЕ ДАЙЫН ЕКЕНІН МӘЛІМДЕДІ

Бұдан бұрын хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай – күйіне жүргізілген талдау шеңберінде бірқатар компаниялардың, оның ішінде "BAZIS-A", "Bi - Group" холдингтері, "РАМС-Қазақстан" компаниясының тұрғын үйге бағаларын келісіп белгілеу және ұстап тұру іс-қимыл белгілерін анықтады.

"BI - Group" Алматы қаласында мынадай тұрғын үй кешендерінде бастапқы тұрғын үй бағасын 4%-ға дейін төмендетуге дайын екенін мәлімдеді: 4YOU Business – 1, 4YOU Business - 2 Central Avenue - 2.2, Central Avenue - 3.1, Central Avenue – 3.2, Riverside 1-1, Riverside 1-2, 4YOU Comfort – 1, 4YOU Comfort – 2, 4YOU Comfort - 3, ALA Park – 1.1, ala Park – 2, Lake town - 1, Lake town - 2-1, Oner - 1-1, Gulder - 1 (1-2), Gulder-3-2.

Қазіргі уақытта Агенттік бұл мәселені негізділікке зерделеуде.

Бұған дейін агенттік хабарлағандай, Bazis-А және Rams Qazaqstan монополияға қарсы органның талаптарын орындап, Алматының кейбір тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасын 4% - дан 15% - ға дейін төмендетті.

Сурет ашық көздерден алынды