Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен кездесу сессиясы аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қарақұмық өңдеушілерімен кездесу өткізді. Бұл өнім әскердің, ауруханалардың, балабақшалардың, мектептердің міндетті рационына кіреді және оның бағасы қарқынды өсіп келеді. Өңдеушілердің айтуынша, мұның негізгі себебі – егіс алқаптары аздығы және жасанды тапшылық.
Дүкен сөрелеріне жеткізілетін қарақұмықты қарақұмық жармасына қайта өңдеудің өндірістік циклі астықты қоспалардан тазартуды, гидротермиялық өңдеуді, қабыршақтауды және тұтынушыларға құнды тамақ өнімдерін дайын күйінде жеткізуге мүмкіндік беретін басқа жұмыстарды қамтиды.
Кездесуде Павлодар облысының қарақұмық өңдеу кәсіпорнының директоры Дмитрий Тюменев 2021 жылы қарақұмық жетіспеушілігінің негізгі себебі өткен жылдағыдай, егіннің нашар болуына байланысты өңдеу үшін шикізаттың жетіспеушілігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылдары жақсы егін жинап, шикізат пен дәнді дақылдарды сату нарығы өзіндік құнынан төмен болды, ал өңдеушілер минусқа кетті. Биылғы жылы жағдай керісінше.
– Егер күзде біз қайта өңдеу үшін сатып алған қарақұмықтың өзіндік құны 1 кг үшін 140-150 теңге шегінде болса, қазір – 265 теңге және пайдалануға дайын жарманың сатуға шығарғандағы бағасы - 425 теңге, - деп жалғастырды Дмитрий Тюменев. - Бізді негізінен шикізаттың болмауы ұстап тұр. Біз қандай шаралар қолданбасақ та, жақсы егін жиналмай жағдай жақсармайды. Егін жақсы болса –ешқандай әрекетсіз-ақ баға төмендейді. Егер жаз нашар болса, жаңбыр жаумаса Қазақстан аумағында жоқ қарақұмықтың бүгінгі қалдықтарын ескере отырып, жағдайды түзету мүмкін емес. Егер біз Ресей Федерациясының аумағынан жеңілдетілген салық салу бойынша әкелуді бастамасақ. Көрші елдің шекаралас облыстары Ресейдің қарақұмық жармасының сарқылмас қоры болып табылатыны жасырын емес, олар үлкен көлемде қарақұмық отырғызады. Ал Қазақстанда аз егіледі.
Дмитрий күзден бастап шаруа қожалықтарынан шикізат сатып алуды бір жыл ішінде қарақұмық бағасының көтерілуін реттеудің бірден бір шешімі көреді. Егер қайта өңдеушілерге мемлекет тарапынан шикізатты сатып алу үшін тек шаруалардан ғана емес, Ресейден импорттау үшін де гранттар берілетін болса, онда бағаның мұндай құбылмалылығы байқалмайтын еді.
- Қарақұмық өзінің сапалық көрсеткіштерін жоғалтпай үш жылға дейін сақталуы мүмкін, және біз, мемлекет және сауда желілері арасында үшжақты шарт жасасқан кезде мен шикізатты 8-9 айға алдын ала сатып алып, бағасын бекітететін едім: мемлекет сатып алуға қаражат береді, біз – қайта өңдеу бойынша кепілдік, ал сауда желілері - республика бойынша тепе-тең бөлу. Бізде шағын өндіріс бар, айына шамамен 300-350 тонна өндіреміз және өндірісті толығымен жүктеу үшін маған физикалық тұрғыдан жоқ болып трған 150 миллион айналым қажет. Біз былай жұмыс істейміз – қаражат пайда болса, шикізат сатып алынады, қайта өңделді және сатылады. Біз қымбат сатып алсақ, қымбатырақ сатамыз және әр кезде баға өседі. Егер күзден бастап бізде айналымға жіберетін қаражат болса, онда олар Ресейден немесе шаруалардан шикізатты көбірек сатып алып, бағаны бекіте алар еді.
ШҚО қарақұмық жармасын өндіруші Евгений Касаткин қарақұмық жармасы үшін егіс алқаптарын азайту мәселесін атап өтті.
- Біз айына 700 тоннаға дейін жарма өндіреміз, ол үшін бізге астық сапасына байланысты шамамен 1000 тонна қарақұмық қажет, - дейді ол. - Үшінші жыл қатарынан қарақұмық жармасына қатысты жағдай күрделі, бағалар тез өсуде. Маусымның басында сатып алу бағасы 1 кг үшін 140-150 теңгеден басталды, ал қазір 1 кг 270 теңгеге дейін жетеді. Біздің облыста 8 ірі өңдеуші кәсіпорын бар, бізге тәулігіне 180 тонна қарақұмық қажет, бұл барлық кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін айына 5400 мың тонна. 2019-2020 жылдары ШҚО-да барлығы 14-16 мың га егілді, таза салмақта өнімділігі гектарына 10 центнерден, бұл барлығы 16 мың тонна, оның 5,5 мың тоннасы экспортқа жіберілді.
Шикізат аз болған жағдайда шаруалар оның бағасын көтереді, әсіресе трейдерлер оған бізден жоғары баға беретіндіктен, әрине, шикізат басқа елдерге кетеді", - деп жалғастырады Егений Касаткин. - Неліктен біз 5 маусымнан 31 тамызға дейін ел ішінде шикізатты сақтау үшін қарақұмық экспортына тыйым салған Ресей сияқты шекараларды жаппаймыз? Сонымен қатар, биыл Ресей қарақұмықтың егіс алқаптарын 25% - ға арттырды. Олар 1,2 миллион тонна қарақұмық жинауды жоспарлап отыр. Бұл Ресейдің қарақұмық бағасын белгілеуіне әкеледі.
Егер қажеттілік 40-45 мың га болса біз тек қана ШҚО-да 14-16 мың га ғана егетін болсақ, онда төмен бағалар қайдан болсын? Артық өндіріс болсын, бірақ біз кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Шикізат жоқ - дайын өнім жоқ. Менде қазір "Магнум" сауда желісінен 5 вагон жармаға тапсырыс бар, Ал менде шикізат жоқ, шаруалар болса қымбат сұрайды. Өңдеуге арналған қуат бар, бірақ шикізат жоқ. Біз өз өнімдерімізді бірінші кезекте өңдеуіміз керек, қазір жаңбыр жақсы, егін жинауға дейін ылғал жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ биыл бәрібір-аз егілді, егін шамамен 16 мың га жетеді, қарақұмық жетіспеушілігін болдырмау үшін Ресейге шикізат алуға жүгінуге тура келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша қарақұмық жармасын қайта өңдеушілер қарақұмық жармасы бағаларының жағдайын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын беруге келісті, олар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қаралғаннан кейін ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру үшін жүйелі шаралар кешеніне енгізілетін болады және Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі.