2021 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өткізген «Open Space» қатысушылары осындай шешім қабылдады. Кездесу тақырыбы "Құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу" болды.
Кеңеске «Болашақ-Т» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС, «Бетонникс» ЖШС құрылыс материалдарын өндірушілер қатысты. Қатысушыларға монополияға қарсы заңнаманың нормалары, адал бәсекелестіктің артықшылықтары түсіндірілді, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертті. Өндірушілер монополияға қарсы органдардың өз әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, өндірісті негізсіз шектеу, тауарларды сату, құрылыс материалдарының бағасын көтермеу туралы ұсыныстарын қолдады.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша құрылыс материалдарын сату нарығына қатысты субъектілердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.