БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНДЕ БИРЖА КОМИТЕТІНІҢ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНДЕ БИРЖА КОМИТЕТІНІҢ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады. Ахуалдық орталық биржалық сауда-саттық барысын онлайн режимде қадағалау, биржалық және биржадан тыс баға белгіленімдеріне мониторинг жүргізу және биржалық саудаға монополияға қарсы талаптарды сақтау үшін құрылды.

Ахуалдық орталықтың ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр қатысты. Ол бірқатар тауарлардың сауда-саттығын іске қосу бойынша биржалық комитеттің атқарған жұмысының тиімділігін атап өтіп, қысқа мерзімде сауда тетіктерін одан әрі жетілдіру, нарыққа қатысушыларды тарту және оқыту мәселелерін шешу міндетін қойды.

Ахуалдық орталықтың ашылуына Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Энергетика вице-министрі Асет Мағауов, отандық және халықаралық тауар биржаларының өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында Қазақстанның ірі тауар биржаларының басшылары жанармай, битум, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің шағын партиялары саудасының нәтижелерін ұсынды, оларды сату биржалық платформалар арқылы алғаш рет 2021 жылы басталды.

Осылайша, коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы сату тетігі делдалдардың санын қысқартуға мүмкіндік берді және өңірлік операторлардың көмірді разрездердің өзінен сатып алуға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етті, бұл халық үшін отынның осы түрінің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Алғашқы сауда-саттық нәтижелері бойынша тауар биржалары арқылы 51 млн теңгеден астам сомаға "Қаражыра" АҚ өндірген 9 100 тонна (80%) көмір сатылды, оған 8 өңірлік тұйықтардың сатып алушылары қатысты. "Шұбаркөл Көмір" АҚ кенішінен 703 млн теңгеден астам сомаға 89 080 тонна (60%) сатылды, саудаға 15 өңірлік тұйықтардың сатып алушылары қатысы.

Анықтама:

Биржалық сауданың дамуы бәсекелестікті дамытудың негізгі құралдары бірі, өйткені нарықтық экономиканың негізі заңды нарықтық баға, баға белгіленімдері  болып табылады, оларды елде осы уақытқа дейін болмаған тауар биржаларынан ғана табуға болады.

Мемлекет басшысы үлкен ойыншылар тарапынан ашықтық бойынша көзбояушылыққа жол берілмейтінін ерекше атап өтіп, биржалық сауда, бірінші кезекте мұнай өнімдері: электр энергиясы, көмір салаларында тәртіп орнату бойынша тапсырма берді.

2020 жылдың 5 қазанында Президенттің №428 Жарлығына сәйкес Агенттікке тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру бойынша міндеттер мен өкілеттіктер берілді.

Алайда, тауар биржаларының қызметіне мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі функциялар уәкілетті органның (СИМ) құзыретінде қалды, өйткені биржалық сауда ішкі және сыртқы сауданың ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган «Кейбір заңнамалық актілерге биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті заң әзірлеуде, ол заңда тауар биржаларына қойылатын талаптарды қатаңдату, сондай-ақ сауда-саттыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар, биржалық тауарлардың жекелеген түрлерімен (көмір, астық және т. б.) биржалық сауда-саттықты өткізудің ерекше шарттары қарастырылған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Биржалық комитет құрылды, оның құрамына ҚР БҚДА төрағасы мен төрағасының орынбасары, ҚР сауда және интеграция вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары, Атамекен ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, KASE басқарма төрағасының кеңесшісі кіреді.

Биржалық комитет көмір, авиациялық отын, газ және мұнай өнімдерінің биржалық саудасы бойынша іскерлік ойындарды қосқанда, осы нарықтардың нақты сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен бірқатар отырыс өткізді, онда сауда-саттық бойынша жаңа тәсілдер қолданылды. Нарық қатысушыларын биржалық саудаға кедергісіз кіру бойынша ауқымды оқыту жалғасуда.

Іскерлік ойындардың нәтижелері бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсанында битум, мұнай өнімдерін (АИ-92, дизель отыны, авиакеросин) биржалық сату, ал мамыр айында шағын партиялармен коммуналдық-тұрмыстық көмір іске қосылды.

Қазіргі уақытта БҚДА міндеттерінің бірі – биржалық тауарлардың, оның ішінде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының, сұйытылған мұнай газының тізбесін кеңейту мәселесін пысықтау.

  Биржалық комитет жанынан құрылған көмір, мұнай өнімдері, ауыл шаруашылығы секторы, цемент бойынша кішігірім комитеттер белсенді жұмыс істейді, олардың отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.

Жоғарыда аталған отырыстардың қорытындылары бойынша барлық биржалық тауарлардың партияның ең аз мөлшерінен тауар биржасы арқылы өткізілуге жататын биржалық тауардың ең аз көлеміне және осындай міндет қолданылатын тұлғалар санатына өту мәселесі қаралады.

Мұндай тәжірибе объективті нарықтық баға индикаторларын (монополиялық жоғары емес және төмен емес бағалар) қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биржадан тыс бағалар келешекте де биржамен салыстырылады және биржадан тыс бағалар биржалық бағаға жақындатылады, бұл нарықтағы баға жағдайын теңестіреді.