МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ

2021 жылғы 7 маусымда дөңгелек үстелде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасының монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Арменияның Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясының, Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығының өкілдері, Қазақстанның монополияға қарсы қызметінің ардагері онлайн форматта талқылады. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған болатын.

Дөңгелек үстел отырысын аша отырып, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин барлық қатысушыларды жылы қарсы алды, биыл айтулы оқиға - Қазақстанның монополияға қарсы қызметінің 30 жылдығын атап өте отырып, біз сондай-ақ биылдан бастап Үкімет қаулысымен кәсіби мереке ретінде белгіленген алғаш рет атап өтілетін Монополияға қарсы орган қызметкерінің күніне ерекше мән беретінімізді атап өтті.

Серік Жұманғарин өз сөзінде халықаралық ұйымдар мемлекет үшін бәсекелестіктің маңызды мәнін атап өткен зерттеулердің нәтижелерін келтірді. «Мысалы, ЭЫДҰ да, Дүниежүзілік экономикалық форум да, АҚШ-тың Стратегиялық зерттеу институты да бәсекелестік қана халықтың тұрмыс деңгейі стандарттарының артуына алып келеді, инновацияларды енгізуге ынталандырады, өнімділікті арттырады, инвестициялар тартады дейді. Жергілікті деңгейдегі саламатты бәсекелестік мәселесі халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілікке тікелей әсер етеді және тұтастай алғанда елдің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мүмкіндігін айқындайды. Осыған байланысты, бәсекелестік саясат Қазақстанның экономикалық дамуының басым бағыттарының қатарына кіреді және Мемлекет басшысының жеке бақылауында тұр», - деп атап өтті Қазақстанның монополияға қарсы агенттігінің төрағасы.

Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы Владимир Колтович қазақстандық әріптестерді мерекемен құттықтады. «2020 жылы құрылған, Республика Президентіне бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Серік Мақашұлының жеке еңбегі болып табылатын бизнес пен тұтынушыларға нақты көрінетін тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту саласында жетістіктерге жетті. Себебі, ол осы қызметтің шабыттандырушысы және локомотиві. Мен, Серік Мақашұлы, Сізді және Агенттік қызметкерлерін Қазақстан Республикасында монополияға қарсы ведомствоның құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын және Қазақстан Республикасы азаматтарының игілігі үшін алда қойылған мақсаттар мен міндеттерді табысты жүзеге асыруға тілектеспін»,-деп атап өтті ол. Өз сөзінде Владимир Колтович қатысушыларға Беларусь Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қалыптасу тарихын таныстырып, бүгінгі күні Беларусьтің монополияға қарсы органының басты міндеті экономика салаларында бәсекелестікті дамыту болып табылатынын атап өтті.

Ресей Федерациясының Федералды монополияға қарсы қызметінің басшысы Максим Шаскольский нарықтың шекаралары жергілікті сипатын жоғалтқан және нарықтар жаһандық болған кезде экономиканың жаһандануы мен өмірдің барлық салаларына цифрлық технологиялардың енгізілуіне байланысты ФМҚ-ның алдында тұрған қиындықтар туралы айтты.

Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу мемлекеттік агенттігінің директоры Кенешбай Тайлақов Қырғыз Республикасының монополияға қарсы органы адал күзетші ретінде бәсекелестікті қорғау мен дамытуда, оның ішінде экономикалық процестердің интеграциясы жағдайында тұрғанын атап өтті.

Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті жалпы экономикалық кеңістікте қорғау – тірі процесс екенін атап өтті. Бұл мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының қатысуынсыз мүмкін емес. Оның басты мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл кеңістігінде бизнесті дамыту үшін қолайлы, тең жағдайлар жасау.

Армения Республикасының Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясының мүшесі Шушан Саргсян халықаралық, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен және азаматтармен барлық әріптестермен ашық, әріптестік және өзара тиімді қатынастар орнатуды нығайтуға негізделген тиімді жұмыстың іргетасы ретіндегі сенім туралы әңгімеледі.

«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «Монополияға қарсы сарапшылар Альянсы» ҚБ президенті Алдаш Айтжанов өз сөзінде монополияға қарсы істер бойынша бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруға ықпал ететін шараларды белгіледі. Атап айтқанда, монополияға қарсы сот сараптамасын енгізу. Оның пікірінше, мұндай шара бәсекелестік заңнаманы бұзу туралы істер бойынша күрделі дауларды қараудың тиімділігін арттырады.

Іс-шара монополияға қарсы қызмет жүйесін дамытуға үлкен үлес қосқан тұлғаларды марапаттаумен аяқталды. Көп жылғы, жемісті еңбегі және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызмет жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығының президенті Алдаш Айтжанов және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айдын Бикебаев марапатталды. Беларусь, Ресей, Армения, Қырғыз Республикасының монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, РФ Жоғары Экономика мектебі - Сколково құқық және даму институтының директоры және монополияға қарсы қызметтің ардагерлері Қазақстан Республикасының «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар еңбек сіңірген қызметкерлер мен монополияға қарсы қызмет ардагерлері ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, Монополияға қарсы сарапшылар Альянсының «Бәсекелестікті дамытқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.