ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ЗАТТАЙ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМТТЕРДІ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

ТЕЗ БҰЗЫЛАТЫН ЗАТТАЙ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМТТЕРДІ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

Атырау облысы бойынша Кедергілерді анықтау жөніндегі Кеңес отырысының кезекті талқылауында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органдармен тез бұзылатын, арнайы сақтау жағдайларын талап ететін заттай дәлелдемелерді мекемелердің арасында бөлу кезінде айқындылықтың және жергілікті атқарушы органның жоғарыда аталған қызмет көрсету бойынша мекемелерді «тиісті» деп танылудың анықтау тәртібінің болмауы талқыланды.

Отырысқа уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері және осы саладағы қызметті жүргізетін мүдделі тұлғалар қатысты.

Қолданыстағы соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы Ережелерге сәйкес (Ереже), тез бұзылатын, арнайы сақтау жағдайларын талап ететін заттай дәлелдемелер алынып, тексеріліп қаралып, зерттеліп және олардың сапасын тауарлар сапасы жөніндегі мемлекеттік инспекция органдары (немесе санитариялық қадағалау органдары) тексергеннен кейін, егер иесiне қайтару мүмкiн болмаса, дереу мақсаты бойынша пайдалану не судьяның (соттың) қаулысы бойынша алынған соманы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына (депозитiне) сала отырып, сату үшiн жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиісті ұйымдарға тапсырылады. 

Ережеде жазылған нормаға сәйкес, жергілікті атқарушы орган тез бұзылатын заттай дәлелдемелерді сақтау үшін тиісті ұйымдарды дербес айқындайды  деп баяндалған, алайда заңнамалық актілерде тиісті ұйымдарды айқындау тәртібі көзделмеген.

Сондай-ақ, судьяның қаулысына сәйкес мақсаты бойынша пайдалану немесе сату үшін арнайы сақтау шарттарын талап ететін тез бұзылатын заттай дәлелдемелерді тиісті мекемелерге бөлу кезіндегі ашықтық болмауы меселесі көтерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша, Кедергілер жөніндегі кеңес жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсету бойынша тиісті ұйымдарды айқындау бағытында нақты критерийлерді белгілеу бөлігінде қолданыстағы қағидаларға өзгерістер енгізуді және ұйымдар арасында сақтауға арналған көлемді бөлу тетігін айқындау қажет екендігі туралы ұсыныс енгізді.