ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ГАЗҒА ҚОСУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ГАЗҒА ҚОСУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

Тұтынушыларды газға қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығы мәселесі бойынша өткен Кедергілер жөніндегі кеңесте Тәуелсіз газ қауымдастығының төрағасы Федор Мордвинкин және «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы сервис және энергия сервисі басқармасы субъектілері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Сәкен Махамбетов сөз сөйледі. Атап айтқанда, Федор Мордвинкин тұтынушыларды газға қосу үшін қажетті құжаттар топтамасына көзқарасты қайта қарау қажеттілігі мәселесін қозғады. Спикер техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды монополистің тексеру өкілеттігін екінші кедергі деп атады.

- Газ шаруашылығында әлеуметтік инфрақұрылым нысаны деген түсінік бар. Оны бақылау қадағалауы әкімдікке бекітілген. «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 24-бабының 16-тармақшасына сәйкес монополистің орындалған жұмыстарға тексеру жүргізуге құқығы бар. Монтаждау ұйымдарының саны көп болған кезде тексеруге субъективті көзқарас бар. Тексеруді жергілікті атқарушы орган жүргізген кезде, олар өз шарттары мен шеңберімен шектеледі. Табиғи монополиялар субъектісі нде өз шарттары бар, - деді Федор Мордвинкин.

Осы кедергіні жою үшін газ қауымдастығының төрағасы табиғи монополиялар субъектісіне орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асыруға өкілеттік беретін «Табиғи монополиялар туралы» Заңның нормасын өзгертуді ұсынды.

Өз кезегінде БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин тұтынушыларды газға қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау жүргізуді Агенттік биылғы жылы жоспарлағанын және аталған барлық мәселелер осы талдау шеңберінде қаралып жатқанын атап өтті.

Сәкен Махамбетов өз сөзінде тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атынан нарықтың 90%-дан астамын қамтитын ірі ойыншы бар екенін атап өтті, ол құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) негізгі бөлігін мердігерлік ұйымдар арқылы да, сондай-ақ өзінің өңірлік филиалдары арқылы да жүргізеді.

Қазіргі кезде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «Gas Qurylys» ЖШС-мен Қазақстанның 13 өңірінде тұтынушыларды газға қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 2,36 млрд.теңгеге шарт жасасты. Бұл ретте аталған мердігерлік ұйым Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. 

Спикердің айтуынша, статистикалық деректерге сәйкес ҚМЖ нарығында тұтынушыларды қосу кезінде 5000-нан астам жобалау ұйымдары және 1 500-ден астам тіркелген компаниялар бар. Сондай-ақ БҚДА өңірлік аумақтық бөлімшелерінің талдауларының алдын ала деректеріне сәйкес ҚМЖ нарығында газды қосу кезінде тұрақты негізде 150-ден астам ұйым қызметін жүзеге асырады. 

Осылайша, газды бөлшек саудада өткізу нарығындағы ірі ойыншы құрылыс-монтаждау жұмыстарының ілеспе нарығындағы бәсекелестікті бұрмалайды, шектейді және тиісті жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды баламасыз таңдау ұсынылады. Ал кейбір жағдайларда тәуелсіз компаниялар ұқсас құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге төмен бағаны ұсынады.

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мемлекет 100% қатысатын ұйымы болып табылады және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына сәйкес мемлекет тиісті тауар нарығында ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарларды өндіруді ж»не (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болған жағдайда кәсіпкерлік қызметке қатысады.

«Gas Qurylys» ЖШС елдің басым бөлігінде тұтынушыларды газға қосу кезінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ үшін мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, бұл баға саясатын неғұрлым төмен серіпнде жүргізуге мүмкіндік береді. Осының негізінде бәсекеоес нарықта мемлекет қатысатын ұйымның болуы орынсыз деп есептеледі және көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырудың қолданылатын схемасы монополиялық шығындар тәуекелдерін туындатады, құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығындағы бәсекелестікті бұрмалайды және шектейді.

Сәкен Махамбетов квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу арқылы газға қосылған кезде газ тарату жүйесіне дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметін шектеу арқылы ірі компанияның монополиялық ықпалын алып тастауды ұсынды. Балама нұсқа ретінде - монополияға қарсы комплаенсты ҚМЖ аралас нарығына монополиялық құрылымдардың теріс әсерін төмендету құралы ретінде қабылдау қажет.