ҚАРАҒАНДЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

ҚАРАҒАНДЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Отырыста Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының (ЕЖЖ) кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қолжетімділігі мен ашықтығы мәселесі қаралды.

Отырыста бұл мәселені кедергілер жөніндегі кеңес мүшесі Аян Рыспеков көтерді, ол бас жоспар мен ЕЖЖ әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарда ақпаратқа қол жеткізудің және ашықтықтың болмауы, сондай-ақ ҚР 16.07.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі- Заң), ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген «Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына» (бұдан әрі-Қағидалар) өзгерістер енгізу және оларды бекіту проблемасын атап көрсетті.

Бұл ақпараттың ашық көздерде болмауы кәсіпкерлерге игеру және одан әрі инвестициялар үшін бизнес үшін жер телімдерін сатып алуға мүмкіндік бермейді, өйткені олар қаланың нақты жоспарына сәйкес келмеуі мүмкін.

Кедергілер жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тосқауылдар картасына енгізу үшін ұсыныс әзірленді:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Жоғары тұрған уәкілетті органға жергілікті атқарушы органның әзірленген бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын енгізілген және бекітілген өзгерістерімен жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда оларды бекіткен күннен бастап 14 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде міндетті түрде оқуға ыңғайлы түрде орналастыруы туралы тиісті өкім енгізу ұсынылсын.

Сондай-ақ атқарушы органға бас жоспарды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлегеннен не өзгерістер енгізгеннен және жергілікті атқарушы орган бекіткеннен кейін олардың жалпы қолжетімді интернет-ресурстарында орналастыру регламентінің, тәртібінің және мерзімдерінің болуы, сондай-ақ Қарағанды қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына енгізілген өзгерістердің жалпы қолжетімді интернет-ресурстарда болмау себептері туралы сұрау салулар жіберілді.

Ашық көздерден алынған фотосурет