АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАНТ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БҰЗЫЛУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАНТ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ  ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БҰЗЫЛУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қанттың өндіру және сату нарығына талдау жүргізді.

Талдау жүргізу барысында қант өндірушілердің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзу белгілері анықталды.

Соның негізінде Департамент 08.04.2021 жылы 2 қант өндірушіге –"Ақсу Кант" ЖШС және "Көксу қант зауыты" ЖШС-не қатысты хабарлама шығарды. (ҚР КК 170-бабы).

Хабарламаны орындау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.

ашық көздерден алынған фотосурет