АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚҰРАМА ЖЕМ МЕН ШӨПТІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ НАРЫҒЫНДА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚҰРАМА ЖЕМ МЕН ШӨПТІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ НАРЫҒЫНДА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДЕ

Құрама жем мен шөпті өндіру және сату нарығында жүргізілген талдау шеңберінде Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті 2021 жылғы 9 сәуірде "Open Space" алаңында құрама жем мен шөпті өндірумен және сатумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

"Агро Фит" ЖШС, "АзияАгроФуд" АҚ және "Комбиснаб" АҚ компанияларының өкілдері құрама жем мен шөп құнының артуының себебі негізгі шикізатты сатып алуға, сатып алу бағасының артуы болып табылатынын хабарлады.

Нарық субъектілері субсидиялау мен кепілдендіруге қаражаттың жетіспеушілігі мәселелерін қозғап, жеңілдікті салық салу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді салық төлеуден босату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама жасауды ұсынды.

Департамент тарапынан қатысушылар құрама жем мен шөптің бағасының негізсіз өсуі жағдайында монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатыны туралы хабардар етілді.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook Instagram – дағы @dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-тегі- @ДАЗРК Талдыкорган парақшасында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz  және тел: 8(7282)-24-63-61

Ашық көздерден алынған фотосурет