ТАУАР БИРЖАЛАРЫНДА БЕНЗИН САУДАСЫНЫҢ БІРІНШІ АПТАСЫНДА БАҒА ИНДИКАТОРЛАРЫ ҚАЛЫПТАСТЫ

ТАУАР БИРЖАЛАРЫНДА БЕНЗИН САУДАСЫНЫҢ БІРІНШІ АПТАСЫНДА БАҒА ИНДИКАТОРЛАРЫ ҚАЛЫПТАСТЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) жанындағы Биржалық комитеттің деректері бойынша 2021 жылғы 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында осы мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықтың бірінші аптасының қорытындысы бойынша 5 сауда күні ішінде бензинге алғашқы баға индикаторлары қалыптастырылды. Сауда-саттық ЕСЖ тауар биржасында жүзеге асырылды. Қазіргі кезде битум мен мұнай өнімдерін биржалық өткізу туралы секциялық талаптарға сәйкес келетін екі биржа – «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ және «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ға Биржалық комитет мұнай өнімдері мен битум саудасына рұқсат беруді ұсынғанын атап өткен жөн.

Сауда-саттықтың алғашқы нәтижелері бағалар серпіні күтілгенге сәйкес келетінін көрсетті - бастапқы бағалар зауытқа байланысты 169-178 мың теңге/т деңгейінде қойылды, бұл нарықтағы ең ірі көтерме саудада өткізушілердің ең төмен бағаларын білдіреді.

- Биржалық сауда-саттықтағы бағалар шағын көтерме сауда нарығында қалыптастырылатын бағалар деңгейінде қалыптасты, онда наурыз айының соңында олардың қазақстандық зауыттардағы деңгейі Argus халықаралық баға агенттігінің деректері бойынша 200-215 мың теңге/т құрады және өсу үрдісіне ие болды, - деп атап өтті БҚДА төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов.

Энергетика министрлігі бекіткен 2021 жылғы сәуірге бензин жеткізу жоспарына сәйкес ішкі нарыққа 275 787 тонна (тауар биржалары арқылы - осы көлемнің 10%) жеткізілуі тиіс.

Барлығы 5 сауда күнінде тауар биржаларында 17 290 тонна бензин сатылды (АИ-92 - 15 340 тонна, АИ-95 - 1 950 тонна), жалпы айналым 3 627 583 700 теңгені құрады.

Бензин  маркалары және жеткізу базисі

Орташа өлшенген баға, мың тг

Бастапқы баға

31.03.21

%

01.04.21

%

02.04.21

%

05.04.21

%

06.04.21.

%

АИ-92 ТОО ПНХЗ

176,0

193,0

10%

212,9

10%

219,9

0%

215,0

1%

213,5

0,25%

АИ-92 ТОО ПКОП

178,0

195,8

10%

215,4

10%

-

-

216,0

0%

-

-

АИ-92 ТОО АНПЗ

169,0

185,9

10%

204,5

10%

204,5

0%

215,0

5%

204,4

-4,9%

 

                     

АИ-95 ТОО ПНХЗ

189,0

   

207,9

10%

220,0

6%

220,0

0%

210,0

-5%

АИ-95 ТОО ПКОП

189,0

207,9

10%

228,7

10%

   

228,7

0%

210,0

-8%

АИ-95 ТОО АНПЗ

184,0

184,0

0%

202,4

10%

202,4

0%

217,0

7%

215,0

-1%

Кестеде келтірілген деректерге сәйкес алғашқы екі сауда күні сату бағалары мен шағын көтерме сауда нарығының қазіргі бағалары арасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған, онда өсім 10%-ды құрады (бағаның ең жоғары ықтимал техникалық өзгеруі). Сауда-саттықтың үшінші күні нарық тепе-теңдік деңгейіне жетті, онда бағалар мүлдем өзгерген жоқ. Сауда-саттықтың төртінші күнінің нәтижелері биржалық нарықтың жаңа тепе-теңдік мәні саласында тұрақтанатынын растады. Атырау МӨЗ-ден бензинді сату бағасы ерекше болды, ол орташа есеппен 6%-ға өсті, онда өсім басқа екі зауытпен салыстырғанда бағаларды теңестірумен байланысты болды, бұл нарықты тұрақтандыру үрдісін растайды. Бесінші күні бағаның төмендеуі байқалады.

Алғашқы екі сауда күнінде мәмілелер сатушылардың өтінімдері шарттарында жабылғанын, үшінші – бесінші күндері мәмілелер сатып алушылардың өтінімдері шарттарында жабылғанын атап өту маңызды.

Анықтама:

Биржа комитеті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның құрамына БҚДА төрағасы мен төраға орынбасары, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары, Атамекен ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, KASE басқарма төрағасының кеңесшісі кіреді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес бензинді қоса алғанда, мұнай өнімдері 2021 жылғы наурыздан бастап сауда-саттықты бастау мерзімімен биржалық тауарлар тізбесіне енгізілді.

Мұнай өнімдері нарығының құрылымы ірі көтерме сауда (мұнай берушілер тарапынан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің пайдасына сату) және ұсақ көтерме сауда (мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушілерден бөлшек сауда желілерінің пайдасына сату) болып бөлінеді, олардың әрқайсысында баға белгілеу процесі жүреді.

Биржалық сауданы ұйымдастыру екі нарық бір алаңда бірігеді деп болжайды. Бұл тәсіл бірінші кезеңде барлық мүмкін көтерме баға ұсыныстарын - ең төменгіден ең жоғары деңгейге дейін біріктіруге мүмкіндік береді. Бағаның бұл айырмашылығы біртіндеп төмендейді деп күтілуде.

Ашық көздерден алынған фотосурет