«ҚОСТАНАЙ» СТАНЦИЯСЫНДА ЛОКОМОТИВТІК ТАРТҚЫШТЫҢ БАРЛЫҚ ОПЕРАТОРЛАРЫНА КІРМЕ ЖОЛДАРҒА ТЕҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

«ҚОСТАНАЙ» СТАНЦИЯСЫНДА ЛОКОМОТИВТІК ТАРТҚЫШТЫҢ БАРЛЫҚ ОПЕРАТОРЛАРЫНА КІРМЕ ЖОЛДАРҒА ТЕҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

2021 жылғы 2 сәуірде БҚДА төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы департамент базасында кірме жолдар қызметтерін ұсыну мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Кездесуге нарық субъектілері «КСО» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қостанай бөлімшесі филиалының, «Тоболтранс» ЖШС, «Lokomotivkz» ЖШС, «KazJolTrans» ЖШС інің өкілдері, сондай-ақ кірме жолдар саласындағы процеске қатысушылар «GLOBUS TRANS» ТЭК ЖШС, «Вадиса М» ЖШС, «Агро Корн» ЖШС, «Нуртранссервис» ТЭК ЖШС ҚФ, «Бэст Костанай»   ЖШС, «Селам Экпорт» ЖШС, «Алтын Harvest» ЖШС, «ТТК Транс-Азия» ЖШС, «МИБЕКО» ЖШС шақырылды.

Кеңесте Болат Сәмбетов қатысушыларды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қостанай бөлімшесі» ЖШС, «KazJolTrans» ЖШС және «КСО» АҚ филиалдарына хабарламалар шығару бөлігінде монополияға қарсы ден қою шаралары және жүргізіліп жатқан монополияға қарсы тергеп-тексерулер туралы хабардар етті. Қазіргі кезде Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен және басқа да қатысушылармен «Теміржолдарды техникалық пайдалану, оларға қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына түзетулер әзірледі. Өз кезегінде «КСО» АҚ монополияға қарсы комплаенстің жобасын әзірледі, оған сәйкес монополияға қарсы органмен келісу бойынша қолданыстағы нұсқаулықтарды кірме жолдар бойынша әзірленген үлгілік нұсқаулыққа сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданатын болады, өзінің меншікті кірме жолдарының тізбесі қалыптастырылып, өз сайтында орналастырылды, «Қостанай» станциясындағы кірме жолдарға локомотивтік тартқыштың барлық операторларына тең қол жеткізу қамтамасыз етілді.

Кеңес барысында қатысушыларға БҚДА-ның теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары, сондай-ақ даулы мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін комплаенс нормалары таныстырылды. Сондай-ақ нарық субъектілеріне қолданыстағы құқық нормаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобына қатысу ұсынылды.