5 КҮНБАҒЫС МАЙЫН ІРІ ӨНДІРУШІДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

5 КҮНБАҒЫС МАЙЫН ІРІ ӨНДІРУШІДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Жыл басынан бері екі ай ішінде күнбағыс майы құнының өсуі 6,7%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 0,3%-ға төмендеуі байқалды). Өңірлерде ең көп күнбағыс майы Шымкент қаласында – 14,6%, Атырау - 12,8%, Орал - 12,9%, Семей - 11,8%, Ақтөбе - 9,7%, Талдықорған - 9,6%, Тараз - 8,6%, Жезқазған - 7,9%, Қарағанды - 7,8%, Өскемен - 7,6%, Петропавл - 7%, Қостанай -6,9%, Ақтау - 4,9%, Көкшетауда - 4,5% қымбаттады.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 7 нарық субъектісіне (Шымкент қ., ШҚО, Қарағанды обл. өндірушілер мен көтерме сауадад жеткізушілер) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысындағы келісілген әрекеттер және Алматы қаласындағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 2 тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге бағалардың күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл мұнайға әлемдік бағалардың 53,8%-ға өсуі, шикізатқа сатып алу бағасының өсуі, өндірушілердің өткен жылғы егіннің шикізат қорын қысқартуы.

Атап айтқанда, шикізатты сатып алу бағасының жоғары болуына және шикізаттың болмауына байланысты ШҚО-дағы күнбағыс майын өндіретін ірі өндіруші «Востоксельхозпродукт» ЖШС өз өндірісін тоқтата тұрды.

ашық көздерден алынған фотосурет