ӘРБІР ЕКІНШІ ІРІ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУШІНІҢ ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ БАҒАЛЫҚ СӨЗ БАЙЛАСУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ӘРБІР ЕКІНШІ ІРІ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУШІНІҢ ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ БАҒАЛЫҚ СӨЗ БАЙЛАСУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа сату кезінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.

Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі+11,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,4%-ға төмендеу байқалды). Өңірлерде тауық жұмыртқасы Семей қаласында - 22,4%, Өскемен - 21,6 %, Қостанай - 16,5%, Жезқазған - 15%, Алматы - 13,4%, Ақтау - 13,3%, Павлодар - 13,7%, Орал - 11,8%, Алматы - 13,4%, Талдықорғанда - 12,3%-ға қымбаттады.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге (Шымкент қаласы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау облыстары) бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілді.)

Хабарлама Кәсіпкерлік бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Сонымен бірге, бағаның күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 -ға қысқаруы, азық құнының 150%-ға артуы.

Қазіргі кезде құс фабрикалары "Адель-кус" ЖШС, "Алекри" ЖШС, "Алсад" ЖШС, "Алель Агро" ЖШС, "Агроинтерптица"ЖШС. "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС, "Сары-Бұлақ" ЖШС және "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді.

ашық көздерден алынған фотосурет