Сауда желілерімен, Қызылорда облысының күріш және тұз өндірушілерімен монополияға қарсы комплаенске қол қойылды

Сауда желілерімен, Қызылорда облысының күріш және тұз өндірушілерімен монополияға қарсы комплаенске қол қойылды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (Департамент) 2021 жылғы 8 қаңтарда сауда желілерінің өкілдерімен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен "Open Space" өткізді. Отырыс барысында, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында монополияға қарсы комплаенс жасасу мүмкіндігі түсіндірілді. Отырыс қорытындысы бойынша Департаменттің Қызылорда облысында тіркелген ірі сауда желілерінің басшыларымен және күріш пен тұз өндірушілерімен екі жақты монополияға қарсы комплаенске қол қойылды.

Ашық көздерден алынған фотосурет