ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және оларды көтерме саудада өткізушілермен монополияға қарсы комплаенстер жасалды

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және оларды көтерме саудада өткізушілермен монополияға қарсы комплаенстер жасалды

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және оларды көтерме саудада өткізушілермен монополияға қарсы комплаенстер жасалды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бағаны тұрақтандыру, сондай-ақ негізсіз жоғарылауына жол бермеу мақсатында, «Антоненко И. В.» ЖК (ӘМАТ көтерме сату), «Энпас» ЖШС-мен (тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізу) және «ВостокСельхозПродукт» ЖШС (күнбағыс майын өндіру және көтерме сату) сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және оларды көтерме саудада өткізушілермен монополияға қарсы комплаенс актілері жасалды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-1-бабының ережелеріне сай монополияға қарсы комплаенс бизнеске монополияға қарсы органмен бірлесіп тауар нарықтарындағы мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады.

Ашық көздерден алынған фотосурет