Атырау облысында медициналық маскалардың бағасы 15 теңгеге дейін төмендеді

Атырау облысында медициналық маскалардың бағасы 15 теңгеге дейін төмендеді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту  Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген жұмыс нәтижесінде, медициналық маскалардың құнын 15 теңгеге дейін төмендету бойынша шаралар қабылданды.

2021 жылғы 20 қаңтарда " Семейное здоровье" дәріхана желісімен тиісті монополияға қарсы комплаенс жасалды.

Монополияға қарсы комплаенс ашық сауда-өткізу саясатын көздейді және монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөніндегі тиімді құрал болып табылады.

        Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір медициналық масканың құны 150 теңгеге дейін жеткен болатын. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі республикалық деңгейде қабылдаған шаралардан кейін маскалардың құны орташа есеппен 20-25 теңгеге дейін төмендетілді.

 Атырау облысында маскалар өндірісінің болуы және аталған дәріхананың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсете отырып, маскаларды көтерме бағамен сату туралы шешімі бағаның кезекті төмендеуіне ықпал етті.

Ашық көздерден алынған фотосурет