БҚДА БІРДЕЙ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ӘРТҮРЛІ БАҒА ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ АЛДЫН АЛДЫ

БҚДА БІРДЕЙ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ӘРТҮРЛІ БАҒА ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның («ҰлтССО» АҚ) қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісін анықтады.

Тексеру барысында Орталықтың өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша бірдей қызметтерге объективті негіздерсіз әртүрлі бағалар қолданғаны анықталды. Бірдей жабдықты салыстырып тексеру құны тапсырыс берушіге байланысты ерекшеленген, ал баға белгілеу бекітілген прейскурант негізінде жүзеге асырылмаған.

«ҰлтССО» АҚ-ның әрекеттерінен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды.

Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес «ҰлтССО» АҚ-ның атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды.

Қазіргі уақытта хабарлама толық көлемде орындалды. Сонымен қатар «ҰлтССО» АҚ бірдей қызметтер көрсету кезінде әртүрлі бағаларды қолдануға жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдады.