БҚДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА МОНИТОРИНГТІ КҮШЕЙТУДЕ

БҚДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА МОНИТОРИНГТІ КҮШЕЙТУДЕ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы Марат Омаров жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай бойынша Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында Агенттік Төрағасы аумақтық департаменттерге мұнай жеткізушілердің, мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізушілердің, сондай-ақ көлік жанармай құю станцияларының (АЖҚС) және автогаз құю станцияларының (АГҚС) баға саясатына мониторингті күшейтуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда департаменттерге монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, Агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Сондай-ақ өңірлік штабтардың қызметі аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілуде.