
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттарында жекелеген нарық субъектілеріне артықшылықтар беру және бәсекелестер үшін кемсітушілік жағдайлар жасау фактілері анықталды.
Аталған әрекеттерде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бәсекелестікке қарсы әрекеттер белгілері байқалды.
Осыған байланысты Департамент тарапынан Акционерлік қоғамға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарлама шығарылды.
Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды. Нәтижесінде барлық жеткізушілер үшін бірыңғай талаптар белгіленді.