«AQJAIYQ» ӘКК» АҚ-НА ҚАТЫСТЫ ШЫҒАРЫЛҒАН НҰСҚАМА ОРЫНДАЛДЫ

«AQJAIYQ» ӘКК» АҚ-НА ҚАТЫСТЫ ШЫҒАРЫЛҒАН НҰСҚАМА ОРЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатын қарады.

Өтінішхатты қарау  аясында монополияға қарсы органның құзыретіне сәйкес ӘКК-нің қолданыстағы қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізілді.

Бағалау қорытындысы бойынша ӘКК Жарғысында монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрі, атап айтқанда: «Концессия және кластерлік бастама негізінде қоса алғанда, бизнес-жобаларды іске асыру» қызмет түрі болғаны анықталды.

Осыған байланысты «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ атына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылып, онда ӘКК Жарғысында көрсетілген қызмет түрлерін заңнама талаптарына сәйкестендіру және келісілмеген қызмет түрін алып тастау қажеттігі көрсетілді.

Бүгінгі күні «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ ұсынған жауапқа және Жарғының жаңа редакциясына сәйкес нұсқама толық көлемде орындалды. ӘКК-нің қызмет түрлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендірілді.