КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БҚДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БҚДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Монополияға қарсы орган қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде қызметкерлерді ведомстволық наградалармен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Агенттік Төрағасы Марат Омаров әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтегі жұмыстарына табыс тіледі.

«Агенттіктің басты құндылығы – біздің қызметкерлеріміз. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыздың арқасында біз Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді табысты жүзеге асырып келеміз. Ұжымның күнделікті еңбегі бәсекелестік ортаны дамытуға және Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылау жүйесін нығайтуға ықпал етеді», – деді Агенттік Төрағасы Марат Омаров.

Қызметте жоғары жетістіктері, көп жылғы жемісті еңбегі және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Агенттіктің орталық аппаратының келесі қызметкерлері «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісімен марапатталды:

  1. Сәмбетов Болат Қуанышбекұлы – Агенттік Төрағасының орынбасары;
  2. Отаршинов Тимур Сабржанович – Әлеуметтік сала департаменті директорының орынбасары;
  3. Бейсенбаев Мақсат Ардақұлы – Экономикалық шоғырлануды және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаментінің мемлекеттік монополияны және арнайы құқықты реттеу басқармасының басшысы;
  4. Сүлеймен Бекжан Нұрғабылұлы – Агроөнеркәсіп кешені департаментінің бас консультанты;
  5. Рахимов Айдархан Ермекұлы – Отын-энергетика кешені департаментінің мұнай және газ басқармасының басшысы;
  6. Әбдікәрім Айдос Мейірбекұлы – Тергеп-тексеру департаментінің картельдерге қарсы күрес басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, аумақтық департаменттердің 16 қызметкері аталған төсбелгімен марапатталды:

  1. Утебаев Чингиз Сәкенұлы – Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары;
  2. Сахыбаева Айгүл Қарақойшиевна – Алматы қаласы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің бас маманы;
  3. Қалиақперов Олжас Солтанханұлы – Абай облысы бойынша департамент басшысының орынбасары;
  4. Шаяхметова Аида Батырханқызы – Ақмола облысы бойынша департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің басшысы;
  5. Абилкайрова Майя Жұмамуратовна – Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары;
  6. Тұрғалиева Мөлдір Батырбекқызы – Атырау облысы бойынша департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің басшысы;
  7. Нұрсейітова Лаура Құмарбекқызы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы;
  8. Оспанова Ләззат Азаматовна – Жамбыл облысы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы;
  9. Карибаева Роза Савлеткановна – Жетісу облысы бойынша департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы;
  10. Мартос Артур Анатольевич – Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы;
  11. Оспанова Мүгүлсүм Қуанышқызы – Қарағанды облысы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің бас маманы;
  12. Байтуякова Гүлмира Маликқызы – Қостанай облысы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің бас маманы;
  13. Кусаинов Самат Сабитұлы – Маңғыстау облысы бойынша департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің басшысы;
  14. Нысанбекова Әсел Қайырбайқызы – Павлодар облысы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы;
  15. Адырбекова Сабира Батиханқызы – Түркістан облысы бойынша департаменттің тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы;
  16. Гапирова Севара Улугбековна – Шымкент қаласы бойынша департаменттің бәсекелестікті дамыту бөлімінің бас маманы.

Сонымен қатар, Агенттік Төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің 51 қызметкері ие болды.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның монополияға қарсы органының құрылғанына 35 жыл толып отыр.