«ӨСКЕМЕН ӘУЕЖАЙЫ» АҚ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

«ӨСКЕМЕН ӘУЕЖАЙЫ» АҚ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға жол бергені анықталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен «Өскемен әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленді.