Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланады

Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланады

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланады.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Агенттікке мынадай құжаттарды жолдайды:

1) азаматтардан өтініш немесе коммерциялық емес ұйымның ұсынысы;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) кандидаттың жеке куәлігі;

4) коммерциялық емес ұйымды тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі (коммерциялық емес ұйымнан кандидат ұсынылған жағдайда);

5) Заңның 10-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2020 жылғы 24 қарашаға дейін (қоса алғанда).

Мекенжай мен байланыс деректері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, тел.: +7 (7172) 74-32-62, sakshn@mail.ru.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласыңыз: + 7 707 854 6092.