«ТОБЫЛ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ АҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЙДЫ

«ТОБЫЛ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ АҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның атына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі нормаларының бұзушылықтарын тоқтату туралы нұсқама енгізді.

Департамент тарапынан монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру фактісі анықталды, атап айтқанда — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру.

Нұсқама орындалды: кәсіпорын тарапынан тиісті экономикалық қызмет түрлерін келісу үшін өтініш жолданды.

 

 

 

Сурет ашық дереккөзінен алынды.