
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ның қызметіне жүргізілген мониторингті аяқтады.
Мониторинг барысында қоғамның монополияға қарсы органының келісімінсіз қызмет түрлерін жүзеге асырғаны анықталды. Оның ішінде меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, сондай-ақ теміржолдарды пайдалану. Бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнама талаптарын бұзуға жатады.
Мониторинг қорытындысы бойынша Департамент тарапынан құрылтайшы — «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды: құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізіліп, сәйкес келмейтін қызмет түрлері алып тасталды.