МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН БИРЖАЛЫҚ САУДА ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН БИРЖАЛЫҚ САУДА ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті портландцементті белгіленген шектен асатын көлемде заңнама талаптарын айналып өтіп өткізу фактілерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес жекелеген тауарлар, оның ішінде цемент, белгіленген көлемнен асқан жағдайда міндетті түрде тауар биржалары арқылы өткізілуге тиіс.

Қарау нәтижелері бойынша нарық субъектілеріне қатысты қысқартылған тәртіппен (50% жеңілдікпен) 21 әкімшілік хаттама жасалды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 4,5 млн теңгені құрады. Айыппұлдар төленді.

Департамент биржалық тауарларды өткізу қағидаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

 

 

Сурет ашық дереккөзінен алынды.