
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтады.
Тексеру барысында Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу көлемдерін айқындау тетігінің талаптарын сақтамағаны анықталды. Осылайша, Басқарма әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері байқалды.
Департамент Басқармаға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықты жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.
Қазіргі уақытта хабарлама орындалу сатысында.
Сурет ашық дереккөзінен алынды.