
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіне жүргізілген мониторингті аяқтады.
Мониторинг барысында Қоғамның «Ауыл аманаты» бағдарламасы (қаржылық лизинг) аясында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне қарыз беру арқылы инвестициялық қызметті монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асырғаны анықталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына сәйкес, мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың қызмет түрлерін кеңейтуге немесе өзгертуге тек монополияға қарсы органның келісімімен ғана жол беріледі.
Мониторинг нәтижелері бойынша Департамент тарапынан ӘКК-нің атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді. Аталған нұсқама қазіргі уақытта орындалды.
Сурет ашық дереккөздерінен алынды.