Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды  аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі  –  бiрлестiктер мен ұйымдар)  аккредиттеу жүргізуді жариялайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Агенттікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.

Аккредиттеуді алу үшін өтiнiш беруші Агенттікке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші аккредиттеу туралы куәліктің үш және одан да көп көшірмелерін де ұсынады.

Аккредиттелген бірлестіктер мен Агенттік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелері жөнiндегi сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсiпкерлiк мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргізу құқығына ие болады.

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.

Байланыс деректері: 010000, Нур-Султан қаласы,  Мәңгілік ел 8 даңғылы,  Министрліктер үйі, 1 кіре беріс, кеңсе телефоны: 8(7172)743126, жұмыс телефоны: 8(7172)749498, ұялы телефон: 87058382789.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172)749498, 87058382789.