БҚДА «QAZAQGAZ AIMAQ» ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАНЫН АНЫҚТАДЫ

БҚДА «QAZAQGAZ AIMAQ» ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАНЫН АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның өңірлік өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеп-тексеру барысында филиалдың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану нәтижесінде 1755 тұтынушының заңды құқықтарын бұзғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының талаптарын бұзуға жатады.

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Департамент Кодекстің 226-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарын жою туралы нұсқама шығарды. Бастапқы жағдайды қалпына келтіру мақсатында 1755 тұтынушының пайдасына 80,9 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілмек.

 

 

Сурет ашық дереккөздерінен алынды.