
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының үйлестіруімен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) сұрыптау және қайта өңдеу қызметтері саласында тергеп-тексеру жүргізді.
Тергеп-тексеру барысында «Astana Recycling Plant» ЖШС-нің қызметінде 2023 жылдың екінші жартыжылдығында ҚТҚ-ны қабылдау, сұрыптау және қайта өңдеу қызметтері нарығында монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактісі анықталды. ҚТҚ-ны қабылдау, сұрыптау және қайта өңдеу қызметтерін көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығындардың көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына негізсіз енгізілгені анықталды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «Astana Recycling Plant» ЖШС-не жалпы сомасы 54 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленді.
Сурет ашық дереккөздерінен алынды.