«РЕСЕЙ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

«РЕСЕЙ ТЕМІР ЖОЛДАРЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Қазақтан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ресей темір жолдарының филиалы - Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру «Ресей темір жолдары» АҚ филиалы ұсынатын электронды теміржол вагондарының таразыларына метрологиялық қызмет көрсету қызметтеріне баға белгілеуге қатысты аймақтық кәсіпорынның шағымынан туындады.

Нарықтың жай-күйіне талдау қорытындысы бойынша филиалдың әрекеттері үстем жағдайды теріс пайдалану болып табылатынын, бұл қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұруда көрініс тапқанын көрсетті, бұл жағдай тергеп-тексеру жүргізуге негіз болды.

Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасын бұзғанын растады. Ресей темір жолдары бөлімшесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды.

2025 жылдың 24 желтоқсанындағы сот шешімімен Ресей темір жолдары филиалына 1 880 052 теңге айыппұл салынып,  7 327 728 теңге монополиялық кіріс тәркіленді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Департаменттің нұсқамасы орындалды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды вагон таразыларына метрологиялық қызмет көрсету бағасы 754 698 теңгеден 536 357 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді, бұл 28%-дан астам төмендеуді білдіреді.

 

 

Сурет ашық дереккөздерінен алынды.