
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы 1971 жылғы 11 маусымда дүниеге келген.
Алматы автомобиль-жол институтын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 27 жылдан асады, оның ішінде 18 жыл — мемлекеттік қызметте. Елеулі басқарушылық тәжірибеге ие.
1997–2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарды атқарған.
2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Аппаратының басшысы болып тағайындалды.