ЭЫДҰ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ЭКСПЕРТТІК ШОЛУЫН ҰСЫНДЫ

ЭЫДҰ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ЭКСПЕРТТІК ШОЛУЫН ҰСЫНДЫ

Алматыда Қазақстанның бәсекелестік саласындағы заңнамасы мен саясатына арналған Екінші эксперттік шолуды таныстыру рәсімі өтті.

2025 жылдың маусым айында Парижде шолу жобасы ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетінің төрағасы тарапынан бекітілді, оған Греция, Коста-Рика және Молдова елдерінің бәсекелестік органдары бақылаушылар ретінде қатысты.

«Шолу біздің ағымдағы және болашақтағы реформаларымыз үшін маңызды бағдар. Бірінші шолудан бері Қазақстан халықаралық стандарттарға сай заңнаманы жетілдіруге бағытталған реформаларға берік ұстаным көрсетіп отыр», – деді кездесуді ашқан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Соңғы жылдары Қазақстан бәсекелестік заңнамасына қатысты 5 пакет түзетулер қабылдады. Бұл құқықтық базаны едәуір жақсартты. Негізгі жетістіктердің қатарында: доминанттар реестрін жою; жасырын келісімсіз бағаны бірдей көтергені үшін жазалауды тоқтату; келісілген әрекеттер критерийлерін нақтылау; сондай-ақ тік келісімдерге қатысты қатаң тыйымды алып тастау және оның орнына ақылға қонымды тәсіл принципін енгізу.

«Бұл Агенттіктің қызметін одан әрі жетілдіруге және ЭЫДҰ ұсынымдарын бірізді орындауға деген ұмтылысын көрсетеді. Біздің басымдықтарымызға құқықтық базаны күшейту, институционалдық тәуелсіздікті арттыру, құқық қолдану сапасын жақсарту, талдау сапасын көтеру және кадрлық әлеуетті дамыту кіреді», – деді Марат Омаров.

Эксперттік шолу — бұл елдің бәсекелестік заңнамасы мен саясатын талдаудың екінші кезеңі, бірінші шолу 2016 жылы ЭЫДҰ тарапынан жүргізілген болатын. Шолу соңғы 10 жылдағы жүргізілген реформаларды қамтиды.

ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетінің халықаралық ынтымақтастығы (Комитет) бәсекелестік заңнамасын талдау және әлемдік үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу аясында антимонополиялық органдармен жүзеге асырылады. 1998 жылдан бастап ЭЫДҰ ұлттық заңдар мен саясатқа терең елдік шолулар жүргізіп келеді.

 

ЭЫДҰ-ның Екінші сараптамалық шолуы жөніндегі толық ақпараты пен презентациясы төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.oecd.org/en/publications/oecd-peer-reviews-of-competition-law-and-policy-kazakhstan-2025_b7659978-en.html