«АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (АлЖЖ) іс-әрекеттерінде монополиялық жағдайын теріс пайдалану белгілерін анықтады. Аталған бұзушылықтар жылу энергиясын тұтынушылардың заңды құқықтарын шектеуге әкеледі.

Талдау барысында табиғи монополия субъектісі — АлЖЖ жылу энергиясына «қайта қосылу қызметі» үшін 10% мөлшерінде пайда деңгейін белгілегені анықталды. Алайда, «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» талаптарына сәйкес, тұтынушыларды жылу энергиясына қайта қосу кезінде табиғи монополия субъектілерінің пайда алуы көзделмеген.

Осыған байланысты, АлЖЖ-ға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.

Қазіргі таңда хабарлама толық орындалды. Алматы қаласы тұрғындары үшін жылу энергиясына қайта қосылу құны монополистің пайдасын алып тастау есебінен 10%-ға төмендетілді.

 

Сурет дереккөзі: https://alts.kz/