БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАСЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАСЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің делегациясы нарықтарды реттеу мемлекеттік басқармасы (SAMR) ұйымдастырған бәсекелестік заңнамасын қолдану жөніндегі семинарға қатысты.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы он үш елден келген отыздан астам делегат Қытайдың бәсекелестік құқығымен, стратегиялық басымдықтарымен және антимонополиялық саясатының ерекшеліктерімен танысты.

SAMR өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар цифрлық нарықтарды талдау тәсілдерін нақты мысалдар (Alibaba, Sherpa, Meituan) арқылы талқылап, монополияға қарсы органның цифрландыру саласындағы жетістіктерін көрсетті.

Семинардың негізгі бөлігі компаниялардың үстем жағдайын анықтау, экономикалық шоғырлану мәмілелерін бағалау және картельдерді анықтау мәселелері бойынша делегациялар арасындағы тәжірибе алмасуға арналды.

Қазақстандық делегация бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар бастамалар ұсынды.