РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Сіздерді Ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Осыдан 35 жыл бұрын халқымыз Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдап, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалады. Сол тарихи сәттен бері Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орнын айқындады.

Қоғамдағы татулық пен бірліктің, ортақ құндылықтар мен мақсаттардың арқасында біз бәріміз бірге Отанымыз — Қазақстан Республикасын нығайтып келеміз.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық және еліміздің Тәуелсіздігі мен Егемендігін мәңгі сақтау жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Құрметпен, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы.