ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласындағы Haval маркалы автокөліктердің ресми дилерінің қызметіне қатысты азаматтың өтінішін қарады.
Өтінішті қарау барысында «DAS AUTO» ЖШС (Haval ресми дилері) сату-сатып алу шарттарына автокөлік иелерін тек белгілі бір сервис орталықтарында ғана техникалық қызмет көрсетуден өтуге міндеттейтін талап енгізгені анықталды. Аталған талап орындалмаған жағдайда, автокөлікке берілген кепілдік міндеттемелері тоқтатылған.
Мұндай шарттар тұтынушылардың құқықтарын бұзады және автокөліктерге кейінгі техникалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіреді.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент компанияға тиісті хабарлама жіберді. Қазіргі уақытта хабарлама орындалды, даулы тармақ шарттардан алынып тасталды.