ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ КҮШІНЕ ЕНДІ

ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ КҮШІНЕ ЕНДІ

2025 жылғы 1 шілдеден бастап биржалық сауда мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл түзетулер биржалық тауарларды өткізу кезінде бағаға манипуляция жасау мен сөз байласу мүмкіндіктерін шектеуге бағытталған.

Өткен жылдары елімізде жер қойнауын пайдаланушыға тәуелді және тауар биржасында аккредиттеу құнын арттыру, есептік жазбаларды бұғаттау, өтінімдерді басым қарау, интернет жылдамдығын жасанды төмендету, клирингтік ұйыммен шарт жасасуды кешіктіру арқылы арзандатылған ресурстарға (коммуналдық-тұрмыстық көмір, ЖЖМ және т. б.) қол жеткізуді шектейтін «қалта» биржаларының тұрақты жұмыс істеу жүйесі қалыптасты және т.б. бұл әрекеттердің нәтижесі 100% дейін жеткен тауарлар құнының өсуі болды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүйелі шешімдер ұсынды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, күшіне енді. Осы Заңмен биржалық сатып алу стандартталмаған тауарлар бойынша алынып тасталды; мүшелік жарналардың толық тізбесі және олардың ең жоғары мөлшері белгіленді; биржалық брокерлер мен клирингтік орталықтарды оларды тоқтата тұру және айыру мүмкіндігімен лицензиялау (тауар биржаларынан өткен) енгізілді; биржалық брокерлер мен клирингтік орталықтар тауар биржалары туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау саласына кірді, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілері болып танылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар саудасын жүргізетін тауар биржаларын Үкіметтің айқындауы заңнамалық түрде көзделген. Бұл барлық биржалық тауарларды бір жерде шоғырландыруға, жер қойнауын пайдаланушылардың мүддесі үшін саудаға қатысуды шектеу тәжірибесін жоюға және биржа қатысушылары арасында әділ бәсекелестікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Агенттік тауар биржалары саласында заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген тексерулердің нәтижесінде тауар биржаларының саны 22-ден 9-ға дейін қысқарып, олардың ішінде бүгінде іс жүзінде тек 3-і ғана жұмыс істейді.

Тауар биржалары мен биржалық сауданың қызметін ретке келтіру жұмыстары жалғасын табады.