Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «QazaqGaz Aimaq» АҚ өңірлік филиалының қызметінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.
Тексеру Түркістан облысының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не қарасты «Turkestan Arena» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының өтініші негізінде жүргізілді.
Өтінішті қарау нәтижесінде Филиалдың іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзу белгілері анықталып, осыған байланысты Департамент бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама енгізді.
Бүгінгі күні Департаменттің хабарламасы толық көлемде орындалды, кәсіпорын тұтынған газ көлеміне қайта есептеу жүргізілді.