СОТ АГЕНТТІКТІҢ «ОҢТҮСТІК» АЭА-ҒА ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАРЫН ҚОЛДАДЫ

СОТ АГЕНТТІКТІҢ «ОҢТҮСТІК» АЭА-ҒА ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАРЫН ҚОЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ның іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, акционерлік қоғам ақылы шарттар негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өндірістік кәсіпорындары шегінен тыс аумақта күтіп-ұстау, қызмет көрсету және тазалау жұмыстарын жүргізген. Бұл қызмет түрлері бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілмегендіктен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағы талаптарын бұзу болып табылады.

Аталған факті бойынша Департамент Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 8-тармағына сәйкес бұзушылықты жою жөнінде нұсқама енгізді. Нұсқамамен келіспеген Акционерлік қоғам сотқа әкімшілік талап арыз берді. Алайда, бірінші және апелляциялық инстанциядағы соттар Департаменттің талаптарын қолдап, нұсқаманы заңды әрі негізді деп таныды.