
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Құрылысинвест НС» ЖШС мен өзге де кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болат құбырларды жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алуларда бәсекелестікке қарсы келісімдер жасау деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізді.
Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде «Құрылысинвест НС» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
Департамент тарапынан «Құрылысинвест НС» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Компания бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымданды. Сот талқылауының нәтижесі бойынша ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 17 180 690 теңге айыппұл және монополиялық табысты тәркілеу түріндегі жаза қолданылды.
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысы заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан «Құрылысинвест НС» ЖШС-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама енгізілді. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.
Сурет ашық дереккөздерінен алынды.