Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ағымдағы жылы жартыжылдық бақылау субъектілерінің тізіміне сәйкес 2 профилактикалық бақылауды жүргізді. 2025 жылғы сәуірде «Эстау» тауар биржасы» АҚ-да (нұсқама ішінара орындалды) және 2025 жылғы шілдеде «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ-да (нұсқама толық көлемде орындалды).
Берілген нұсқаманың орындалмауы фактісі бойынша жоспардан тыс тексерулер 2025 жылғы мамырда («Эстау» тауар биржасы» АҚ-на ескерту берілді) және ағымдағы жылғы шілдеде (бұзушылықтарсыз аяқталды) жүргізілді.
Субъектіні (нысанды) бармай-ақ жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша Агенттік мынадай биржаларға қатысты анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 10 ұсыным берді: «Каспий» тауар биржасы» АҚ, «Жібек жолы» тауар биржасы» АҚ, «Астана» тауар биржасы» АҚ, «Акцепт» тауар биржасы» АҚ, «Эстау» тауар биржасы» АҚ.
Жалпы, қазіргі уақытта 9 жұмыс істеп тұрған тауар биржасының тек 3-і («Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ, «Каспий» тауар биржасы» АҚ, «Жібек жолы» тауар биржасы» АҚ) қызметін жалғастыруда. Ал мына биржалардың лицензиялары тоқтатылды: «Эстау» тауар биржасы» АҚ (2025 жылғы тамыз), «Астана» тауар биржасы» АҚ (2025 жылғы тамыз), «Акцепт» тауар биржасы» АҚ (2025 жылғы қаңтар), «Alan» тауар биржасы» АҚ (2025 жылғы шілде), «Almaty Commodity exchange» тауар биржасы» АҚ (2024 жылғы маусым). Сондай-ақ «Modern Trading Solution» тауар биржасы» АҚ 2025 жылғы қаңтардан бастап қылмыстық істерге байланысты жұмыс істемейді.
Естеріңізге сала кетейік, Агенттікке тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте елде 22 тауар биржасы жұмыс істеген болатын.
Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесін, сондай-ақ олардың саудасын жүргізуге уәкілетті тауар биржаларының тізімін айқындау құзыреті Үкіметке жүктелген. Тауар биржаларын іріктеу бойынша конкурс 2025 жылдың 12 қыркүйегінде өтеді.