JETOUR ЖӘНЕ GEELY ДИЛЕРЛЕРІ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЙДЫ

JETOUR ЖӘНЕ GEELY ДИЛЕРЛЕРІ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЙДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды қаласындағы Jetour және Geely маркалы автомобильдердің ресми дилерлерінің қызметіне қатысты азаматтардың өтініштерін қарады.

Тексеру барысында «KRG AUTO» ЖШС (Jetour ресми дилері), «Autocity Karaganda» ЖШС (Geely ресми дилері) сатып алу-сату шарттарына техникалық қызмет көрсетуді тек белгілі бір сервистік орталықтарда ғана жүргізу туралы талап енгізгені анықталды. Бұл шарт орындалмаған жағдайда кепілдік міндеттемелері тоқтатылатын болған.

Мұндай келісім-шарт талаптары тұтынушылардың құқықтарын шектейді және сатудан кейінгі қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікке кедергілер туғызады.

Анықталған бұзушылықтарды жою және аталған тәжірибені тоқтату мақсатында Департамент тиісті компанияларға хабарламалар жолдады.

Екі компания да көрсетілген нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындады.