МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН КӨТЕРМЕ САТУ НАРЫҒЫНДА ҚАЗМҰНАЙГАЗ ЖӘНЕ CNPC ТОПТАРЫ НЕГІЗГІ ҚУАТ ИЕЛЕРІ РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН КӨТЕРМЕ САТУ НАРЫҒЫНДА ҚАЗМҰНАЙГАЗ ЖӘНЕ CNPC ТОПТАРЫ НЕГІЗГІ ҚУАТ ИЕЛЕРІ РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес 2022-2024 жылдар аралығындағы бензин, дизель отыны және авиаотынның көтерме сауда нарықтарындағы 
бәсекелестік жағдайын бағалау талдауларын аяқтады.

Жеңіл мұнай өнімдері нарығында шамамен 100 субъект жұмыс істейді. Олардың ішінде ҚазМұнайГаз тобы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Атырау МӨЗ, «ПетроКазахстанОйлПродакшн») және «КННК Интернационал в Казахстане» ЖШС (CNPC) құрылтайшысының тобы: «PETROSUN» ЖШС, «KC Energy group» ЖШС.

2022-2024 жылдар аралығында аталған нарық қатысушылары отандық мұнай өңдеу зауыттарында шамамен 9,5 млн тонна жеңіл мұнай өнімдерін өндірді. Бұл ішкі нарықтағы жалпы тұтыну көлемінің 96% құрайды.

Талдау қорытындысы бойынша ҚазМұнайГаз және CNPC топтарының жиынтық үстем үлесі 85%-дан астамды құрады. Бұл оларға мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Кодекс талаптарына сәйкес негізгі қуат иелері деп танылады:

- Қысқы дизель отыны нарығында: CNPC тобы («PETROSUN» ЖШС, «KC Energy group» ЖШС) – 60%, ҚазМұнайГаз тобы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Атырау МӨЗ, «ПетроКазахстанОйлПродакшн») – 33%;  Жазғы және маусымаралық маркаларда CNPC (46%), ҚазМұнайГаз – 33%;

- Аи-92 және Аи-95 бензині нарығында:

CNPC тобы («PETROSUN» ЖШС, «KC Energy group» ЖШС) – 54%,  ҚазМұнайГаз тобы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Атырау МӨЗ, «ПетроКазахстанОйлПродакшн») – 34%;

- Авиаотын нарығында:

CNPC тобы («PETROSUN» ЖШС, «KC Energy group» ЖШС) – 53%, ҚазМұнайГаз тобы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Атырау МӨЗ, «ПетроКазахстанОйлПродакшн») – 32,4%.

Сонымен қатар, негізгі қуат иелері негізгі қуатқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуі міндетті. Ол негізгі қуатқа тең қолжетімділік Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Талдау туралы толық ақпаратпен сілтемеге өтіп таныса аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/886901
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/886899
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/886896