ЭЛЕКТР ҚУАТЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Аталған нарықта екі негізгі қызмет көрсетіледі:

  • электр қуатының дайындығын қолдау;
  • электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету.

Талдау нәтижелері бойынша анықталды:

Электр қуатының дайындығын қолдау қызметі нарығында:

  • Солтүстік және Оңтүстік энергетикалық аймақтарда «Самұрық-Энерго» АҚ тобы 35%-дан астам үлеспен 
    доминантты жағдайда;
  • Батыс аймақта – «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС, «Атырау ЖЭО» АҚ және 
    «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жалпы 70%-дан астам үлеспен иеленуде.

Осыған байланысты, нарық жоғары шоғырланған деп танылды.

Электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету қызметі нарығы монополиялық деп танылды – қызметтің жалғыз жеткізушісі «ЖЭК бойынша РФО» ЖШС болып табылады. 2019 жылы қуат нарығын енгізудің негізгі мақсаты жаңа қуаттарды енгізуге және қолданыстағы қуаттарды қолдауға инвестициялар тарту болатын. 

Алайда, талдау қуат нарығын енгізу мақсаттарының орындалмағанын көрсетті. 2019 жылдан бері 6 жыл ішінде елдегі орнатылған қуат небәрі 129 МВт-қа артты, ал нарық қатысушыларының жиынтық табысы 500 млрд теңгеден асты. 
Бұл қаражаттың тек 7%-ы ғана генерациялау қуаттарын жаңғыртуға, реконструкциялауға және жаңартуға бағытталған, ал қалған 93%-ы жабдықтардың жұмыс жағдайын сақтауға жұмсалды.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тарифтерге қолданыстағы қуаттарды қолдау үшін де, операциялық, сондай-ақ капиталдық шығындар да енгізілген, яғни станциялар қосымша түскен қаражатты электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға бағыттауы тиіс болатын.

Алайда айтарлықтай табысқа қарамастан, станциялар тозу деңгейі 2019 жылғы деңгейде – шамамен 56% күйінде қалды. 

Сарапшылардың есептеуінше, 500 млрд теңгеге қуаты 530 МВт бір көмір электр станциясы немесе жалпы қуаты 1150 МВт болатын бес бу-газ электр станциясын салуға болар еді.

Мемлекеттік бақылаудың болмауына байланысты, 2024 жылы Агенттік Энергетика министрлігінің тарапынан қуатты қолдау қызметінен түсетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды көздейтін түзетулерді бастамашы етті. Алайда, іс жүзінде жүргізілетін бақылау станциялардың қаражатты пайдалану туралы есептерін қабылдаумен шектеледі. Нәтижесінде, ұсынылған ақпаратқа сәйкес, көрсетілетін қызметтерден түскен қаражат қуаттарды қолдауға және ұлғайтуға емес, дебиторлық берешек бойынша кассалық алшақтықтарды азайтуға бағытталған.

Осылайша, қуат нарығында мыналар байқалады:

  • қаражаттың мақсатты пайдаланылуын жеткіліксіз бақылау,
  • жаңа қуаттарды енгізу және жабдықтарды жаңғырту бойынша қуат нарығын енгізудің мақсаттарына қол жеткізілмеуі.

Осыған байланысты, Агенттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту және 
инвесторлармен жаңа генерациялау қуаттарын салуға арналған ұзақ мерзімді келісімшарттарды сақтау арқылы қысқа мерзімді қуат шарттарынан бас тарту бойынша ұсынымдар енгізді. 


Талдау туралы толық ақпаратпен сілтемеге өтіп таныса аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/886590?lang=ru